«Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкері дүниеден озды

«Менің атым Қожа» фильмінің басты кейіпкері дүниеден озды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі актер, сценарист, кинодраматург Нұрлан Санжарұлы Сегізбаев өмірден өтті. Ол туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Нұрлан Санжарұлы – қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына елеулі үлес қосқан тұлға.

«Ол өз ғұмырын шығармашылыққа, ұлттық руханиятқа арнап, кейінгі ұрпаққа өнеге болатын мол мұра қалдырды. Өнерсүйер жұртшылыққа әлі күнге құндылығын жоймай келе жатқан Абдолла Қарсақбаевтың «Менің атым Қожа» фильміндегі басты рөлімен танымал өнер иесі қазақ кино өнеріндегі дара тұлға болды. Оның экранда жасаған көркем бейнелері отандық өнер тарихында айрықша орын алады. Нұрлан Санжарұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз», – деп жазды министрліктің баспасөз қызметі.

Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болғай.