Облыстық Әділет департаменті, Мемлекеттік Еңбек инспекциясы комитетінің департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қостанай облысы филиалы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕАҚ арасында меморандумға қол қойды.
Бұл құжаттар азаматтардың құқықтық сауатын арттыруға, білікті заңгер көмегіне қолжетімділікті кеңейтуге, сондай-ақ жұмысшылар мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған.
Қол қою рәсімі «Заң және тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында өтіп отыр. Тараптар еңбек дауларын реттеу және еңбек заңнамасы бұзушылықтарының алдын алу мәселелері бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
«Әділет департаменті және заң қоғамдастығы, бұл заң кеңесшілерінің екі палатасы, «Заң мен тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясындағы жұмысты жалғастыруда және күшейтуде. Сол себепті біз екі меморандумға қол қойдық. Мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитетінің департаментімен «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында департаменттің бастамасымен алғашқы меморандумымыз бар. Жұмысшылардың құқықтарын қорғау мақсатында заңгерлік кеңестер беріп, сұрау салулар, шағымдар, талап арыздар қалай толтырылатыны жөнінде бағыт бағдар беретін боламыз», – деді Қостанай облысы Әділет департаментінің басшысы Әлия Аманжолова.
Екінші мерморандум үш жақты болды. Кәсіпкерлердің заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі құқықтарын қорғау үшін «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Қостанай облысы филиалы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» ҚЕАҚ арасында.
Департамент басшысы зияткерлік меншік, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда мәселе бар екенін атап өтті. Қоғамда жұмыссыздық салдарынан алимент төлей алмай жүрген адамдар баршылық. Мұндай жағдайда кәсіпкерлер палатасы арқылы жұмысқа ораналастырып, борышкерлерден ақшаны өндіру мәселенің жалқы шешімі осы болып отыр.
«Құжат кәсіпкерліктің өсуі мен дамуы үшін институционалдық негіз қалыптастыруға, сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар санаттағы істер бойынша берешегі бар азаматтардың қарыз жүктемесін азайту мақсатында оларды жұмыспен қамтуға бағытталған», – деді Әлия Аманжолова.
Сондай-ақ, жылжымайтын мүлікті тіркеу бойынша, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру, талдау жүргізу мен ұсыныстар енгізуді талдау бағытында жөн сілтемек.
«Кәсіпорындар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу аясында да кездестік. Оң нәтижелерге қол жеткізілді. Азаматтар үшін де негізгі үдеріс бар екенін айтқым келді. Осындай ынтымақтастықтар лайықты нәтиже беретіні сөзсіз. Зияткерлік меншік бойынша бізде де барлығы пысықталды. Бизнес өкілдері біздің алаңда үнемі түсініктеме алады, өйткені бұл осы салада арнайы білімді қажет ететін нақты заңнама», – деп атап өтті Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетбаев.
Келісімдер құқық қорғау және экономикалық бастамаларды іске асыру үшін жағдай жасай отырып, мемлекеттік органдар, бизнес-қоғамдастық және азаматтар арасында тиімді өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді.
Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген – Балауса ЖҮНІС