28 июня, 2025
Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиада аяқталды

Мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиада аяқталды

Тобыл қаласында спорттың тоғыз түрінен өткен жарысқа облыстың 26 мемлекеттік органынан 500-ден астам қызметкер қатысты.

Арқалық қаласы әкімдігінің командасы 2025 жылғы спартакиаданың жеңімпазы болды. Жалпы командалық есепте Жанкелдин ауданының әкімдігі мен  Жітіқара ауданының әкімдігі жүлделі орындарды бөлісті.

Спартакиаданың шешуші ойыны мини-футболдан финалдық ойындар өтті. Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті алдына жан салмады. 2 орынды Қостанай облысының әкімдігі иеленсе, 3 орын Қарасу ауданының әкімдігіне бұйырды.

Спартакиада жүлдегерлері осы жылдың 10-16 маусымы аралығында Өскемен қаласында өтетін республикалық кезеңге қатысу үшін облыс құрамасына енгізіледі.