Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді

Мемлекеттік кірістер органдары барлық мобильді аударымдарды тексермейді

Қ Р Қаржы вице-министрі Е. Біржанов бұл туралы жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар туралы мәселелерді түсіндіруге арналған  брифингте айтып берді деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.

Брифинг барысында Е. Біржанов атап өткендей, адал кәсіпкерлерге алаңдайтын ештеңе жоқ.

“Мобильді аудармаларды тексеру заңсыз кәсіпкерлік қызметтің көлеңкесінен шығуға бағытталған. Кейбір кәсіпкерлер сатылған тауар немесе қызмет үшін төлемді мобильді аударымдар арқылы алады. Алайда, бұл аударымдар бақылау-кассалық аппараттарды, POS-терминалдарды және QR-кодтарды қолданбай жүргізіледі. Тиісінше, чектер берілмейді және тұтынушылардың құқықтары бұзылады. Тексеру критерийлеріне үш ай қатарынан ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған тұлғалар ғана жатады. Яғни кәсіпкерлерлік қызмет белгілері болған жағдайда ғана сұрақтар туындайды”, – деді Е.Біржанов.

Өз кірістерін жасыратын немесе жеке шоттарына қатарынан үш ай ішінде ай сайын 100 және одан да көп түрлі тұлғалардан мобильді аударымдар алған жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген тұлғалар ғана тексеруге жатады.

Тек қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жұмыс істейтін адал кәсіпкерлер бақыланбайды. Сондай-ақ, бизнесті жүргізу және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Салық режимдерінің тәртібі жеңілдетілді. Салық ставкалары қызмет түріне байланысты тек 1% – дан 4% – ға дейін.

Мемлекеттік кірістер комитеті қазір бұқаралық ақпарат құралдарында да, әлеуметтік желілерде де белсенді түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, азаматтар қажетті ақпаратты алу үшін мына ресурстарға хабарласа алады:

– 1414 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласып, қажетті ақпаратты алуға болады. Байланыс орталығы жауап беруге дайын;

– жалпыға бірдей декларациялау мен мобильді аудармалар бойынша сұрақтарды Telegram» мессенджеріндегі чатқа сұрақтарды жазып, жедел жауап алуға болады. Чатқа сілтеме: https://t.me/+68VtkWb1WIgxODky ;

– мемлекеттік кірістер басқармаларының әрқайсысында (республика бойынша 200-ден астам) ақпараттық қолдау көрсету үшін «Консультативтік орталықтар» бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу