Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы

Мемлекеттік кірістер департаментінде жаңа басшы

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті басшысының орынбасары Бауыржан Слямов Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына жаңа басшыны таныстырды.

Бұл лауазымға Сатжан Ұзақбайұлы Ұзақбаев тағайындалды. Бұл туралы Қостанай облысы бойынша МКД баспасөз қызметі хабарлады.

Сатжан Ұзақбаев 1979 жылы туған. 2000 жылы Қостанай мемлекеттік А. Байтұрсынов аатындағы университетін бітірген.

Мемлекеттік қызметтегі еңбек өтілі 24 жылды құрайды. Қатардағы маманнан Департамент басшысының орынбасарына дейінгі жолдан өтті.

2019 жылғы маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Жаңалықтармен бөлісу