Мемлекет басшысы ауызашар берді

Мемлекет басшысы ауызашар берді

Барлық өңірде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ауызашар дастарқаны жайылды. Қостанайда өткен мерекелік жиынға облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысып, мұсылман қауымын қасиетті Рамазан айымен құттықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынар ораза ұстаған барлық қостанайлықтарды құттықтаймын. Рамазан – мейірімділіктің, қайырымдылықтың, сабырлықтың айы.Алақан жайған көпшіліктің тілегі бір. Ол еліміздің амандығы, отбасымыздың берекесі, – деді Қ.Ақсақалов.

Суреттерді түсірген Б.Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу