“Мектепке жол” қайырымдылық акциясы

“Мектепке жол” қайырымдылық акциясы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында жыл сайынғы “Мектепке жол” қайырымдылық акциясы 2019 жылдан бастап жыл бойы форматқа ауыстырылды.

Оның негізгі мақсаты – аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, балалардың әлеуметтік себептермен мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның мақсаты: мұқтаж балаларға әлеуметтік көмек көрсету үшін меценаттар мен демеушілерді тарту.

2023 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Қостанай қаласының білім беру ұйымдары 95 миллион теңгеден астам сомаға 2361 балаға материалдық көмек көрсетті.

Акцияның басталуы 2023 жылғы 1 тамыздан бастап, аяқталуы – 2023 жылғы 30 қыркүйекке дейін жоспарлануда.

“Мектепке жол” акциясы барысында оқу жылы басталғанға дейін 1000-нан астам бала материалдық көмекпен қамтылады.

Оқушыларға киім, аяқ киім және кеңсе керек-жарақтарын сатып алу түрінде көмек көрсетіледі.

Құрметті азаматтар!

Сіздерді азаматтық белсенділік танытуға және осы акцияға қатысуға шақырамыз.

Анықтама телефоны: жұмыс телефоны-87142-545-228

Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Байтұрсынов көшесі, 67 үй, каб. 111, 113, 114, 115.

Жаңалықтармен бөлісу