Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің 130 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасы жарияланды. Назарларыңызға жыр додасының ережесін ұсынамыз.
Жалпы ереже:
- Осы Ереже “Марал ишан” мешітінің 130 жылдық мерейтойына арналған облыстық ақындар мүшәйрасын өткізу тәртібін айқындайды.
- Жыр сайысының мақсаты – жастарды адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға үйрету. Асыл дінімізге деген сүйіспеншілігін, құрметпен қарауға сенімін арттыру. Ислам ағартушылығы дәстүрінің көрнекті тұлғасы Марал ишан бабаның өмір жолы мен қызметінің өзекті арнасын өлең өзегі ету.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары:
– Ақындардың жас шамасына шек қойылмайды;
– мүшәйраға әр ақын Ережеде берілген үш тақырыптан өзі таңдаған 1 (бір) өлең жолдауы тиіс;
– мүшәйра шарттарына сай келмейтін шығармалар қатыстырылмайды, жарияланбайды;
– байқауға ұсынылған шығармалар мынадай үлгіде компьютерде терілуі керек: Word, Times New Roman, кегль №14, аралық интервал 1.
Шығарма мәтіні электрондық нұсқада қабылданады. Автордың тегі, аты, жөні, шығараманың аты көрсетіледі.
Ұсынылған шығармамен қоса автор өзі туралы қысқаша мәлімет (өмірдерек), байланыс телефоны мен оқу, жұмыс орыны туралы мәліметті қоса тапсыруы керек;
– Үміткерлердің шығармалары 2023 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады;
-Мүшәйраның қорытынды шарасы осы жылдың 9 маусымында өтеді деп жоспарлануда (өзгерістер болып жатса, қосымша хабарланады);
– Қабылданған шығармалар қазылар алқасының сараптауынан өтеді. Лайықты деген шығармалар марапаттауға ұсынылады;
-Марапаттау рәсіміне жүлдегерлер ғана шақырылады, іссапар шығыны (барып қайту жолы, жатын орын ақысы, тамақтану) қатысушы тарап есебінен;
-Бұдан бұрын конкурсқа қатысқан немесе баспасөз бетінде жарияланған шығармалар қабылданбайды;
-Қолжазба авторға қайтарылмайды, қазылар шешімі қайта қаралмайды;
-Мерзімінен кешіктірілген шығармалар сараптауға жіберілмейді;
-Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жүлдегерлерге дипломдар мен сыйлықтар беріледі;
-Мүшәйра қорытындысын шығарар тұста қазылар алқасы мен ұйымдастырушы тарап арасындағы өзара келісім бойынша жүлде саны мен жүлде мөлшерінде өзгерістер болуы мүмкін;
Мүшәйра талаптары:
Ұсынылған өлеңдердің:
- біреуі “Ислам және ізгі қоғам” тақырыбында;
- екінші өлең «Мешіттің тарихы»;
- “Марал баба” тақырыбы аясында өмірі мен азаматтық тұлғасы жайында.
Жүлделер:
1-орын (біреу) – 500 (бес жүз мың) теңге;
2-орын (біреу) – 300 (үш жүз мың) теңге;
3-орын (біреу) – 200 (екі жүз мың) теңге;
Арнайы сыйлық (үшеу) – әрқайсысы 30 мың теңгеден.
Шығармалар мына электрондық пошта арқылы қабылданады:
Қабылдап алушы тұлғаның аты-жөні мен байланыс телефоны:
Жандарбек, +7 702 585 26 24
Қосымша мәлімет алу үшін жоғарыда көрсетілген жауапты тұлғаға хабарласуға болады.