Мал шығыны төлене бастады

Мал шығыны төлене бастады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев мәлімдегендей, көктемгі су тасқынының төтенше жағдайы кезінде зардап шеккен тұрғындардың барлық шығындары өтелетін болады.

Соның бір көрінісі – Арқалық қаласына қарасты Қызылжұлдыз ауылында тасқын судан шығынға ұшыраған малдардың төлемдері төлене бастады.

«Президентіміз айтқандай төтенше жағдайдан келген шығын өтеліп жатыр. Су тасқыны салдарынан 260 бас малымнан айрылған едім. Бағалаушылар, үкімет адамдары келіп, көріп, шұғыл шешімдерін шығарды. Ақшасы да тез арада түсті. Мемлекетімізге шығынға төленетін өтемақыны көп ұзатпай өтеп беріп жатқанына мол алғысымды білдіремін», – дейді Қызылжұлдыз ауылының тұрғыны, «Нұрдәулет» жеке шаруа қожалығынан Сымбат Түбеков.

Осындай мал шығыны өтеліп, көңілі бірдемделіп жатқандардың қатарынан оның ауылдасы Ердос Ержановты да көруге болады.

«Ауылдағы шаруашылығыма күтпеген апаттан қатты нұсқан келіп еді. Дағдарған көңілімізді үкіметіміз Президентіміздің тапсырмасымен орнына келтіріп жатыр. Суға кеткен малдарымыздың шығындары өтелуде. Малымыздың кеткен шығындары өтеліп, төлемақысы қолымызға тиді. Алла разы болсын», –дейді ол.

Тиісті орындар үздіксіз жұмыс істеп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

 

                                        Мұрат ЖҮНІСҰЛЫ                                                                       Арқалық қаласы

 

 

 

 

Жаңалықтармен бөлісу