Қазақстанның Ресейдегі Елшісі Дәурен Абаев Мәскеудегі Жоғарғы оқу орындарында сабақ беретін қазақ ғалымдарын, мемлекеттік орындардағы көрнекті қызметкерлерді, Мәскеудегі қазақ қоғамдарының басшыларын Елшілік ғимаратында қабылдады. Елші өзін таныстыра отырып, Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық және мәдени байланыстар жайлы, жасалып жатқан жұмыстар мен алдағы уақытта іске асатын шаралар жайлы айтты.
Сондай-ақ Елші қоғам басшыларымен танысып, олардың атқарып жатқан жұмыстары туралы қысқаша мәліметтерін тыңдап, ұсыныстарын қабылдады.
Отырысқа қатысқандарды Елші мырза 26 қазан күні болатын, Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты кешке шақырды. Жиналғандар қазақ батырының офис қабырғасында ілулі тұрған портретін көріп, қатты қуанды.
Өнер, еңбек ерендері портреттері ілінген офис ішінде шығармашылық орта делегаттарды жылы шыраймен қарсы алды.
Мәскеудегі, “Золотое перо Руси” ұлттық әдебиет қоғамы “Халықтар достығы мен ұлттық мәдениеттерді қорғау” Астана” Қоры президенті Жарқын Өтешованы “БЛАГОРОДСТВО” статуэткасымен марапаттады. Сөз кезегін Жарқын Өтешова данышпан Абай бабамыздың : “Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең… ” деген өлең жолдарымен бастап, қазақ халқының бүкіл өмірі поэзиямен байланысты екенін айтып өтті. Сөзін Абайдың әні ” Айттым сәлем Қаламқасты” шырқаумен аяқтады.
“Енді Ресей әдеби ортасында қазақтың қандай өнерлі халық екенін білмейтін жан қалған жоқ деп, ойлаймын. Өнерлі халқым қандай тамаша. Мен қазағым үшін мақтанамын”, – дейді қаламгер.
Керемет өткен кештен қонақтар қанаттанып қайтты. Алғашқы қарға оранған Мәскеу көшесі де келушілер үшін ұлпадан шашу шашқандай.