Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының аясында облыстық мәдениет басқармасының ұжымы Ы.Алтынсарин кесенесінің айналасын тазартты.
“Ы.Алтынсарин кесенесі Қостанай ауданының ең көрнекті жерлерінің бірі. Кесенеге Қазақстан тұрғындары ғана емес, жақын шет ел азаматтары да жиі барады. Тарихи-мәдени нысандар орналасқан жерлердегі экологиялық жағдайды жақсартуға жасалған қадам халқымыздың тарихи өткеніне құрмет”, – дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов.
Сенбілікке барлық мәдениет мекемелері қатысты. Олар патриоттық сезімін, белсенді азаматтық ұстанымын көрсете отырып, кесене аумағын тәртіпке келтірді.