1 июня, 2025
Мәдениет саласының ардагерлерімен кездесті

Мәдениет саласының ардагерлерімен кездесті

Халықаралық қарттар күніне орай «Жастар сарайында»  мәдениет саласының ардагерлерімен кездесу өтті.

Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали және мәдениет басқармасының басшысы Құралбек Атамұратов қатысты.

     – Тобыл-Торғай өңірінің мәдениетіне, руханиятына үлес қосқан ардагерлерді құрметтеу басты парыз. Олай дейтініміз, олардың елдің дамуына, өнердің өркендеуіне қосқан үлестері шексіз. Бүгін кездесуміздегі басты мақсатымыз – аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, қадірлеу, – дейді Ринат Зәкиұлы.

Іс-шараға қатысқан қатысушыларға арнайы естелік сыйлықтар табысталды.

Б. Мейрамұлы