Қабырғасы 1974 жылы қаланған нысан бүгін балалардың алғашқы легін қабылдайды.
Жөндеу жұмыстары бір жарым жылға созылған демалыс орнының ашылуын күткен балалардың қуанышында шек жоқ.
Қала әкімі Абай Ибраевтің айтуынша, бұл жер балалардың бос уақытын тиімді өткізетін орынға айналмақ.
“Лагерьдің жан-жағына жас желектер отырғызылып, көгалдандыру жұмыстарымен қатар, алдағы уақытта жаңа жол төселеді, бассейн орнатылады.Қайта қалпына келтіруге жергілікті меценаттардың да демеу көрсеткенін атап өту керек”, – деді Абай Ибраев.
Ол меценаттар да қуанышқа ортақтасып, ізгі тілектерін білдірді.
Шұға Қоңқабай
Суреттерді түсірген Бейбіт Мейрамұлы