Облыстық прокуратура құрылыс қызметін жүзеге асыру кезінде жекелеген компаниялардың біліктілік талаптарын бұзу фактілерін анықтады.
200-ден астам лицензиат пен бірыңғай біліктілік талаптарымен аттестатталған инженерлік-техникалық мамандар қызметтерді заңсыз жүзеге асырып келген. Тексеріс барысында қызмет көрсеткен ортада ешқандай өндірістік базаның болмағаны белгілі болды.
«Қабылданған шаралармен 64 лицензиатқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 464-бабы бойынша хаттамалар жасалды. Істерді қарау нәтижелері бойынша 3,4 млн теңге сомасына айыппұл салумен 17 компания жауапкершілікке тартылды. 18 лицензияның қолданылуы тоқтатылды. Бұзушылықтарды жою және лицензиаттардың қызметін сәйкестендіру бойынша жұмыс жалғасуда», – делінген ресми хабарламада.
Фото: yandex.kz
