Арқалық университеті Академиялық адалдық лигасына мүше болды

Арқалық университеті Академиялық адалдық лигасына мүше болды

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті академиялық адалдық қағидаттарын берік ұстанып, білім сапасын жүйелі түрде арттыруға бағытталған жұмыстарының нәтижесінде Академиялық адалдық лигасының толыққанды мүшесі атанған тұңғыш педагогикалық университет мәртебесіне ие болды.

Ұрпақ санасына тәрбие мен білімнің нәрін сепкен ұлы ағартушы атындағы білімнің қара шаңырағына Академиялық адалдық лигасының бақылау тобы арнайы іссапармен келіп, сарапшылар үш күн бойы университеттің барлық саласын жан-жақты зерттеп, кешенді талдау жүргізді.

blank

Бақылау барысында университет басшылығы мен бөлім жетекшілерімен кездесулер өтіп, академиялық адалдық саясатының іске асырылуы, оқу орнының ішкі жүйесі мен тәртіптері талқыланды.

blank blank blank blank blank blank

Сонымен қатар, профессор-оқытушылар, студенттер, түлектер және жұмыс берушілермен жеке кездесулер ұйымдастырылып, өзара пікір алмасулар жүргізілді.

blank

Академиялық адалдық лигасы — Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қауымдастығы.

blankБұл ұйымның басты мақсаты — білім мен ғылымда әділдік, сенім, жауапкершілік және ашықтық сияқты адалдық қағидаларын насихаттау, студенттердің және оқытушылардың академиялық мінез-құлқына жоғары стандарттар енгізу.

blank

Бағалау кезінде университеттің академиялық мәдениеті мен басқару жүйесінің бірқатар негізгі бағыттарына айрықша назар аударылды. Атап айтқанда: әкімшілік басқару мен үдерістердің ашықтығы, оқытушылар мен қызметкерлердің университет өміріне тартылу деңгейі, студенттерді қолдау жүйесінің тиімділігі, ішкі саясаттар мен рәсімдердің орындалуы, цифрландыру үрдістері, жасанды интеллект құралдарын пайдалану және академиялық тәуекелдердің алдын алу шаралары қарастырылды.

blank

Сондай-ақ, оқыту құрылымдарының ұйымдастырылуы, ішкі коммуникациялар мен мониторинг тетіктері жан-жақты талданды.

blank

Сапар аясында мониторинг тобына университеттің инфрақұрылымы мен оқу процесіне қатысты нысандарға экскурсия ұйымдастырылды.

 

                                          Мұрат Жүнісұлы                                                                                                Арқалық қаласы