Купердің добы “Тобылға” Суперкубок әкелді

Купердің добы “Тобылға” Суперкубок әкелді

Қостанайдың “Тобылы” шымкенттік “Ордабасы” командасымен футболдан Қазақстан Суперкубогін сарапқа салды.

Ойын алма-кезек қос команданың шабуылмен өрбігенімен, қорғаныс шебі қауіпті сәттерге тойтарыс бере білді. Сол себепті матч барысындағы екі доп та бұрыштамадан соғылды.

45 минутта “Ордабасы” ойыншысы Евгений Макаренко мен 63 минутта “Тобылдың” жартылай қорғаушысы Евгений Шахов көзге түсті. Осы есеп кездесу аяғына дейін сақталды.

Пенальтилер сериясында екі команданың бір-бір ойыншысы қателесті(4:4). Екінші айналымды бастаған “Тобылдың” жаңа шабуылшысы Годберг Купер мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ.

Осылайша, қостанайлықтар жаңа маусымның алғашқы титулына қол жеткізді.

Жаңалықтармен бөлісу