Күз – жұмыс қарқыны тез жүретін уақыт. Күнделікті қарбалас пен шамадан тыс жұмыс шаршауға әкелуі мүмкін, әсіресе, мегаполис тұрғындары үшін бұл қиынға соғады. Бұл мезгілде адамның организмі вирус және түрлі бактериялармен үнемі күрес үстінде болады. Бұл, физикалық әл-ауқатқа ғана емес, сонымен бірге психологиялық тұрғыдан да әсер етеді. Осы тақырыпта психолог маман Гүлнұр Талғатқызы тілшіміз арқылы оқырмандарға кеңесін берді.
– Барлық адам бірдей емес, біріне жаз ұнаса біріне күз ұнауы мүмкін. Жаз жайлы, жылы, жайдарлы мезгіл болғандықтан, адамдарда қобалжу мен депрессия жоқтың қасы десекте болады. Ал күз әртүрлі аурулардың қозуына әкелетін мезгіл болғандықтан, бұл жыл мезгілі кішкене адамдарға күрделірек болады. Яғни, күз мезгілі барлық дерлік адамдарды қуанта қоймайды. Жылы мезгілден бірден суық мезгілге ауысқанда, калория мөлшері артады. Бұл салмақ қосуға әкеледі. Мұндай өзгерістер организімдері сезімтал адамдарда кездеседі. Дегенмен, калориялы тамақтануды ұнататын адамдар ағзаның тепе-теңдігін бұзуына және соның салдарынан депрессиялық күйге әкелуі мүмкін. Осындай жай күйден сақтану үшін, саламатты өмір салтын сақтаған жөн, – дейді психолог маман. Бұл жайлы толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.