Конституциялық комиссия мүшесі «Баян Сұлу» фабрикасы ұжымымен кездесті

Конституциялық комиссия мүшесі «Баян Сұлу» фабрикасы ұжымымен кездесті

Бүгін облыстық мәслихат төрағасы, конституциялық комиссия мүшесі Сайлаубек Ещанов жаңа заң жобасындағы елеулі өзгерістер туралы ақпарат беріп, фабрика ұжымын референдумға белсенді қатысуға шақырды.

Ол жаңа Конституция жобасын жасаудың өзектілігі, қандай қажеттіліктерден туындағаны, нендей қағидалар басшылыққа алынғаны туралы баяндама жасады. Маңызды құжатты әзірлеуге қатысқан тұлға ретінде осы жұмыстың қалай жүргізілгені жөнінде пікір бөлісуге де дайын екенін айтты.

«Қазір дәуір алмасып, эокномика жаңарып, өмір жағдайы, адамдар сұранысы өзгеріп жатыр. Осыған сай Негізгі заң да жаңаруы керек. Бүгінде Қазақстан елеулі жаңғырыс үстінде. Жаңа Конституция міндеті – мемлекеттік қызметті анағұрлым ашық, әділ етіп, оны адамдар мүддесіне бағыттау.  Соның арқасында, әуелі, азаматтар құқығын қорғау кепілдігі артады. Сөз еңбек құқығы, әлеуметтік қолдау, сапалы білім мен медицинаға қолжетімділік, әділ сот турасында болып отыр. Мұның бәрі өздеріңіз сияқты жұмысшы қауымға бағдарланады», – дейді Сайлаубек Ещанов.

Сайлаубек Ерғазыұлы биліктің қоғам алдындағы жауапкершілігі механизмі қалыптасып жатқанын тілге тиек етті. Бұл тетік мемлекеттік органдарды ашық, тиімді жұмыс істеуге міндеттеп, қарапайым азаматтар мүдесін қамсыздандыруға тиіс. Оның үстіне, жаңа жобада азаматтық қоғамға ерекше назар салынып отыр. Қоғамдық кеңес, кәсіподақ, қоғамдық бірлестіктер рөлі артып келеді. Бұл – қарапайым адамдардың, жұмысшылардың пікірі соңғы шешім қабылдау кезінде зор мәнге ие болады деген сөз.blank

                «Айта кетерлігі, жоба жұмысы барынша ашық жүргізілді. Комиссияның барлық отырысы тікелей эфирден көрсетілді. Ел көлеміндегі азаматтардан, сарапшылардан, еңбек ұжымдарынан  4 мыңнан астам ұсыныс түсті. Олардың елеулі бөлігі қорытынды мәтінде ескерілді. Жаңа Конституция – кабинетте жасалған құжат емес, бұл қоғамдық ауқымды диалогтың нәтижесі.  Мен бүгінгі жаңа жобаны «халықтық Конституция» деп атар едім. Өйткені ел тұрғындары жобаны түзуге белсенді қатысты», – деді ол.

Облыстық мәслихат төрағасы бүгінгі ақпарат-түсіндірме жұмысын «Баян Сұлу» фабрикасынан бастаудың мәнісін де ерекшелеп айтты. Қазақстанды ғана емес, әлемнің көптеген елін тәтті өнімдерімен тамсандырып отырған кәсіпорынның жұмысшы қауымы осынау тарихи, саяси оқиғадан тысқары қалмауы керек.  blank

«Баян Сұлу» фабрикасы – кәсіпорын өндіріс ошағы ғана емес, облыс бренді, мақтанышы. Сіздер күнделікті еңбектеріңізбен экономиканы нығайтып, жұмыс орындарын сақтап, мыңдаған отбасының әл-ауқатына үлес қосып жүрсіздер. Жаңа Конституцияның міндеті – еңбек адамының еңбегі құрметтеліп, қорғалып, лайықты бағасын алу үшін жағдай жасау. Бірлік, ашық диалог және өзара құрмет арқылы ғана әділетті әрі қуатты бірге құра аламыз деп сенемін», – деп ой түйді Сайлаубек Ещанов.

blankСонымен, жаңа жоба мәтіні дайын. Ендігі сөз халықта! Президент жарлығымен референдум мерзімі де жария етілді. Ол 15 наурызда өтеді. Қалың елмен бірге фабрика ұжымы да өз таңдауын жасап, ел дамуының бағытын айқындауға үлес қоса алады.

Жиында түсіндірме тобының өзге де өкілдері сөз алып, жаңа нормалар жөнінде құлақдар етіп, қызметкерлерді қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Ұжымды ашық дереккөздерден жоба мәтінімен танысып шығуға кеңес берді.blankblankblankblankblankblankblank

Суреттерді түсірген – Василий Васильев