Бүгін таңғы алтыларда КЖБИ шағын ауданындағы Абай көшесіндегі 24 үйден дабыл келіп түсті, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері.
Жағдай белгілі болғандай оқиға орнынан 21 адам құтқарылған. Оның бесеуі жеткіншектер. Зардап шеккен төрт адамның үшеуі балалар. Апат жоғары қабаттан басталып, 12 шаршы метр аумақты қамтып үлгеріпті. Шамамен сағат жетілерде өрт ауыздықталды, тұрғындары дін аман дейді орган өкілдері.