Туған жерін әнмен тербеген сахна саңлағы Отаркүл Мұқатова апайымыз бақилық болды. Отаркүл Оразбайқызы Торғай өңіріндегі өнерлі отбасында дүние есігін ашқалы бар өмірін өнерге арнаған аяулы жан.
Республикалық эстрада-цирк студиясынан кейін Мәскеу гуманитарлық университетін тәмамдап, елімізде тұңғыш құрылған “Шертер” фольклорлық- этногафиялық ансамблінде әнші болып он екі мемлекетте өнер көрсеткен. Мәскеу қаласында өткен Жастар мен студенттердің бүкіл дүниежүзілік ХІІ фестиваліне қатысып, лауреат атанған.
Көп жылдар Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының директоры болды.
Қазақстан Республикасының мəдениет қайраткері.
«Театр – бұл менің баға жетпес барым да, өмірімдегі теңдессіз бағым да» деп саналы ғұмырын өнерге арнап кеткен апамыздың жаны жәннатта болсын.
Барша туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтамыз.