Көлік жүргізуге тыйым салынған азаматтарға заңсыз куәлік берілген

Көлік жүргізуге тыйым салынған азаматтарға заңсыз куәлік берілген

Облыстық прокуратура өкілдері Қарабалық ауданының прокуратурасы талдау барысында медициналық қарсы көрсетілімдер бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған адамдардың көлік құралдарын басқару фактілерін анықтағанын хабарлады.

Анықталған дерек бойынша, жүргізуші куәлігін алғаннан кейін ол созылмалы психикалық аурумен ауырған, онда көлік құралдарын басқаруға тыйым салынады.

Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысына сәйкес, көлік құралдарын басқаруға жарамсыз танылды.

“Прокуратураның қадағалау актісі бойынша аудандық полиция бөлімі сотқа жоғарыда аталған адамдардың көлік құралдарын басқару құқығын тоқтату туралы талап арыз берді. Сот тәртібімен көлік құралдарын басқару құқығы тоқтатылды” делінген хаттамада.

Жол қауіпсіздігі баршаға ортақ міндет.

Жаңалықтармен бөлісу