Туынды Ұлттық ұланның арнайы мақсаттағы бөлімшелері туралы. Фильмнің премьерасы 2023 жылдың 2 қарашасында болады.
Фильм желісі бойынша қауіпті қылмыстық топтарға қарсы тұрған үш арнайы жасақ жауынгерлерінің достық қарым-қатынастары көрсетіледі.
Олар үшін басты өмірлік қағидаттар – Отанға деген сүйіспеншілік, достық пен патриотизм, Ар-намыс пен қадір-қасиет, ант пен қызметтік борышқа адалдық.