Қостанайда “Jas Liga” спорттық ойындарының көктемгі маусымы мәреге жетті. Волейбол, баскетбол және шағын-футболдан жеңімпаз командалар анықталып, ақшалай сертификаттармен марапатталды. Оларға жалпы қоры бір миллион теңге көлеміндегі жүлде үлестірілді.
Спорттық іс-шара Ә.Бөкейхан атындағы мектептің алаңында ұйымдастырылған еді. Командалар екі апта бұрын өзара сынға түсіп, үздіктер финалда бақ сынады. Спортшы жастар облысымыздың барлық аудан, қалаларынан жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысуға ниет білдіргендердің қатары былтырғыдан көбейген. Биыл шағын-футболдан 18 команда, волейболдан 14 команда, баскетболдан 13 команда жарысқа қатысты.
– Көктемгі кубокты сәтті аяқтадық. Алдағы жазғы және күзгі турнирлерде кездесеміз деген ойдамын. Қостанай облысында бұқаралық спорттың дамытуға үлес қосып жүрген барша спортшыларға алғыс айтамын, -деді облыстық “Жастар ресурстық” орталығының жастар бастамалары бөлімінің жетекшісі Айгерім Сейілханова.
“Jas Liga” турнирі көктемгі маусымының қорытындысы.
“Баскетбол” ойындары бойынша:
Әйелдер арасында
3 орын- “Extreme” командасы;
2 орын- “КИПК” командасы;
1 орын – Рудный командасы ;
Ерлер арасында
3 орын- Әулиекөл 1 командасы;
2 орын-Дружба 1 командасы;
1 орын – Федоров ауданының командасы;
“Волейбол” ойындары бойынша:
3 орын- Шанс командасы;
2 орын- Қостанай командасы;
1 орын – Қызбел командасы ;
Шағын-футболдан:
3 орын-“Достық” командасы;
2 орын- “КСК” командасы;
1 орын – “Салават” командасы;
Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.