25 мая, 2025
Көкалатта қар құрсауында қалған 18 адам құтқарылды

Көкалатта қар құрсауында қалған 18 адам құтқарылды

Жанкелдин ауданы Көкалат ауылынан 30 шақырым жердегі «Торғай-Көкалат» автожолында бірнеше жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойған.

ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, бірнеше ондаған шақырымды жүріп өтіп, Көкалат ауылына 3 адамды, оның ішінде 1 баланы құтқарып, жеткізді. Қарға батқан 15 адам мінген 6 көлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп шығарды.

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.