Биыл елімізде ұлы тұлғаларының бірі – Жұмабек Тәшеновтің 110 жылдығы атап өтіледі. Осындай іс-шаралардың легі Қостанайда да бастау алды. Облыстық Л. Толстой атындағы кітапханада өңірдегі қоғам қайраткерлері мен тарихшылары қаладағы №15 мектептің оқушыларына Қазақстанның көрнекті қайраткерінің өмірін, еңбегін, қоғамдағы орны мен оның халқымызға қосқан үлесін дәріптеді.
Қоғам қайраткері Серік Сәтмұхамбетов Жұмабай Тәшеновтің қоғамдағы еңбек жолына тоқталып, жиналған жастарға үлгі ретінде көрсетіп берді.

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Рауан Байдалы тұлға жайлы жазылған еңбектерді ерекше атап өтті.

«Жұмабай Тәшенов ұлтымыздың болмысының сақталуына ерекше үлес қосқан тұлға. Ол жайлы талай айтылып та, жазылып та жатыр. Кезінде Дінмұхамед Қонаевтан бастап, еліміздің марғасқа тұлғалары еңбектер жазып қалдырды. Заңғар жазушы Әди Шәріповтің естеліктерінде қазаққа берген шапағаты көп жазылды», – деді Рауан Байдалы.
Жұмабай Тәшенов 1960 жылдары Қазақ КСР билігінде тұрғанда Алматыдағы Абай ескерткішінің бой көтеріп, даңғылды ұлы ақынның атына беруге атсалысты. Медеу мұз айдынының салынуына қаражат осы кісінің ұйғарымымен бөлінді. Еліміздің оңтүстік аудандарының Өзбекстанға, солтүстік облыстарынының Ресейге қосылуын тоқтатты. Бауыржан Момышұылы мен Рақымжан Қошқарбаевқа батыр атағын бергізді.
Тарих ғылымының кандидаты А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің аға оқытушысы Серікжан Исмаилов қайраткердің осы бір тұстарын әңгімелеп берді.

Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Әсел Жұмағалиқызы тұлғаның ата дәстүрді сақтай отырып, саяси мәселелерді бейбіт жолмен шешуге барынша ұмтылғанын айтты.
«Қазақ қоғамында әртүрлі шешімі қиын даулар болған. Оның барлығын бабаларымыз ақылдаса келе жүзегеи асырған. Жер дауы мәселесі қоғам қайраткері Жұмабай Тәшеновтің де алдынан шықты. Қолына қару алып, жауға шаппаса да билік басында отырып ұлттық мүддеден аттап кете алған жоқ. Қайраткердің осы қадамы барлығыңызға үлгі боларына сенімім кәміл», – деді басқарма басшысының орынбасары.

Міне, Жұмабек Тәшенов – қазақтың ұлы мемлекет қайраткері, саясаткер, қоғамдық қызметкер, экономика және ғылым саласында көрнекті тұлға. Оның есімі қазақ халқының тарихында ерекше орын алады. «Қазақ халқының мүддесін қорғау жолында мені қандай азаптар күтіп тұрса да дайынмын», – деген болатын Жұмабек Тәшенов. Қазақтың қайсар тұлғасы Отанға адал, шынайы, талмай қызмет етудің үлгісі болып қала бермек. Осы бір ұстанымы – замандастары мен кейінгі ұрпақтары үшін жарқын үлгі болғандығын айта кетуіміз керек.
Оның ерлікке пара-пар әрекетінен кейін соңынан Қазақстанның әнұранына айналған Жұмекен Нәжімединов пен Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әні де дүниеге келген еді.
Ташеновтар отбасында бес бала тәрбиеленді. Олардың балалары, немерелері, бүгінде тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек етіп, адал азаматтар болып өсті.
Айбек ЖҮЗБАЙ
