Келер жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың ІІІ кезеңі басталады. Бұл кезеңде «Активтер мен міндеттемелер туралы» декларацияны заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылары (қатысушылары) және дара кәсіпкерлер жұбайларымен ұсынуға міндетті деп хабарлайды облыстық мемлекеттік кірістер департаментінен.
Департамент өкілдері тұрғындарға жоғарыда аталған тұлғалардың санатына жатып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмай тоқтата тұрған жағдайда заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің орналасқан жері бойынша мемлекеттік кірістер органына «Қызметін тоқтату туралы» салық өтінішін беруді ұсынады.
Ол үшін, жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның басшысы екенін, қызметін тоқтатқан немесе әрекетсіз салық төлеушілердің тізімінде екенін мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурсының электрондық сервистеріне келесі сілтемелер бойынша өтіп тексере алады. www.kgd.gov.kz: https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable/list
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search_unreliable
https://kgd.gov.kz/ru/services/taxpayer_search/entrepreneur
Декларацияны уақытында ұсынбағаны немесе мәліметтерді дұрыс көрсетпегені үшін бірінші рет ескерту қарастырылатын болса, бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда-15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын айта кетейік.