Рухани келісім күніне орай Рудныйда «Рухани келісім – тарих және қазіргі заман» атты руханият сағаты өтті.
Оған қаладағы№ 14 мектептің 10 сынып оқушылары мен «Кездесу» клубының мүшелері қатысты.
“18 қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн – адамдарды ұлты мен діни сеніміне қарамастан бір қоғамға біріктіретін тұрақтылық пен келісім күні болып аталып келеді. Мерекенің аталып өтілуі мемлекетімізге бірлік пен татулық, ауызбіршілікпен сыйластық орнату үшін маңызды”, – деді “Кездесу” клубының белді мүшесі Жақсылық Кәкенов.
Қазақ халқы «Отаны бірдің – тілегі бір, тілегі бірдің – жүрегі бір» деп текке айтпаған.
“Татулықпен сенімділікті серік етудің нәтиежесінде мемлекетіміз өркениетке көш түзеді. Бұған негіз болған отыз екі жыл бойына 18 – қазан күні аталып өтілетін Рухани келісім күні”, – дейді клуб мүшесі Шәмшия Қайыркенова
Іс-шара барысында Рудныйдың «Нұр» мешітінің бас имамы Серік Темірбекұлы сөз алып жас жеткеншектерге – Адамдық пен татулықтың егіз ұғым екенін айтты.
“Пендеде оның біреуі болып, біреуі болмауы мүмкін емес. Ал егер пенде екеуінен де мақұрым болса ол білімсіздіктің белгісі. Ағымы түзу қай дінді алып қарасаңыз да, ол адамгершілікке, татулыққа шақырады. Бір-біріне құрмет көрсету мен толеранттылықты насихаттайды, – дей келіп оқушыларға Қазақстанның білімді де парасатты ұл – қыздары болып өсіңдер деп тілегін білдірді.
«Кездесу» клубындағы аға – апаларымыз да мағыналы да, тәрбиелі мәліметтер берді. Кітап көрмесіне шолу жасалып, викториналық сұрақтар шешілді.
Сөз соңында №14 мектептің ұстазы Лариса Даниярқызы кітапхана ұжымына ыстық ықыласын білдірді.
Қарасын Бақаева,
Рудный қаласы мемлекеттік тілдегі кітапхананың кітапханашысы