Кеншілер қаласынан қола дәуірінің қорымы табылды

Кеншілер қаласынан қола дәуірінің қорымы табылды

Рудный қалалық тарихи-өлкетану музейі – шахардың өткені мен бүгіні тоғысқан ерекше рухани мекен. Бұл жерге келген әрбір адам Рудныйдың қалыптасу жолымен,еңбекке толы тарихымен және мәдени мұрасымен жақынырақ танысады.

Музей экспонаттары келушілерді таңқалдырмай қоймайды. Экспозицияның маңызды бөлімдерінің бірі – Алексеев мәдени кешені. Мәселен, Тобыл өзенінің сол жақ жағалауында қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың қорымы табылды. 1921 жылы жас геолог Соколов аталған аумақтан ең алғаш жерлеу орындарын анықтады.

Ал 1930 жылы Қостанай және Мәскеу өлкетану ғылыми мекемелерінің экспедициялары аталған өңірге келіп, жүйелі зерттеу жұмыстарын жүргізген. Зерттеу нәтижесінде, Алексеевка мәдени ескерткіші ретінде белгілі болған құнды археологиялық олжалар табылған. Олардың қатарында Андронов мәдениетіне тән білезіктер, әшекейлер, қапсырмалар, найза ұштары бар. Жәдігерлердің саны бастапқы да әлдеқайда көп болғанымен,олардың басым бөлігі Қостанайдағы облыстық музейге жеткізілген. Ал кейбірі Рудный қалалық музейінің қорында қалған.   1950–1960 жылдарға тиесілі  көне әрі сәнді сағаттар да бар.

«Музейде қазақ халқының дәстүрлі тұрмысын бейнелейтін этнографиялық экспозициялар да кеңінен ұсынылған. Қазақтың киіз үйі — жазда салқын, қыста жылы,көшіп-қонуға ыңғайлы баспана ретінде таныстырылады. Экспозицияда ұлттық музыка аспабы домбыра, қасқыр терісі, ағаш төсек, сандықтар, ер адамның қолданған бұйымдары қалқан, садақ, қамшы, ал әйелдерге тән кілемдер мен қолмен тоқылған көрпешелер қойылған. Сонымен бірге ошақ орны, қазан, құман секілді тұрмыстық заттар да көшпелі өмір салтын айқындайды. Ерекше құнды жәдігерлердің бірі қазақ ағартушысы Спандияр Көбеевтің тамақ ішкен ыдысы»,– дейді Рудный қалалық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоваты Аида Аханова.

Музейдің негізгі мақсаты — қала тұрғындарын ғана емес, жас ұрпақты тарихпен тереңірек таныстыру.

«Музей тек қала халқын ғана емес, ең алдымен жас ұрпақты тарихпен қызықтыру. Өткенін білмеген адам болашаққа қадам жасай алмайды. Біз тарихты қызықты, заманауи түрде ұсына отырып, балалардың тарихи көзқарасын қалыптастыруды және қала халқының мәдениеті мен өнерін дамытуды көздейміз», – дейді Рудный қалалық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Аида Аханова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда музейге оқушылар жиі келеді. Сонымен қатар студенттер мен аға буын өкілдері де музей жұмысына белсенді қатысады. Қазір музейде түрлі іс-шаралар, қызықты көрмелер мен жаңа жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.

Ақерке АРЫСТАНБАЙ,

А.Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ журналистика мамандығының 3-ші курс студенті,

Суреттерді түсірген автор