Қостанайлық Наргиз Гачаева қалалық «Зеректілер додасы» балалар байқауының ең кішкентай аталым иегері атанды. Бес жастағы Наргиз өзінің ересектермен алғашқы байқауында «Тапқырлық» номинациясын жеңіп алды.
Наргиз Гачаева Қостанайдағы №15-жалпы білім беретін мектептің жанындағы «Арман» шағын орталығында тәрбиеші Аягөз Баукенованың тобында мектепалды даярлықтан өтіп жатыр.
«Наргиз өз білімі, тапқырлығы, ойлаған ойлау қабілетін жоғары деңгейде көрсете білді. Тәрбиесі жан-жақты дамыған бала. Ол байқау барысында қойылған сұрақтарға нақты әрі дұрыс жауап берді. Өзінің логикалық ойлауы мен есте сақтау қабілеті арқылы білімге деген қызығушылығын танытты», – дейді тәрбиешісі.
Құрбылары да Наргизді тәртіпті, ізденімпаз, оқуға бейім екенін айтып келеді.
Анасы Жұлдыз өнерге жақын екенін жеткізді.
«Қызым, әсіресе, би билеуді ұнатады. Өз ойын еркін жеткізе алатынын апайы да талай айтқан. Зияткерлік додада жеңіске жетуі – оның білімге құштарлығы мен еңбекқорлығының нәтижесі», – дейді Жұлдыз Бермағанбетова.
Бөбекжайдағы белсенділігімен қатар, достарына көмек көрсетуге де дайын тұрады. Осындай байқауларға үнемі қатысып, білімі мен әр қырын шыңдауға әбден лайық.
Байқауға мемлекеттік тілде тәрбиеленетін балабақшалардың ұзын саны 47 тәрбиеленушісі қатысты. Олар өз білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және шығармашылық мүмкіндіктерін көрсетті. Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың танымдық, шығармашылық және коммуникативтік дағдыларын дамыту, олардың өзіне деген сенімділігін арттыру болды.
