Кәсіпкерлер маңызды іске мән берді

Кәсіпкерлер маңызды іске мән берді

Жергілікті жердегі кәсіпкерлердің пікірін зерделеп,  бизнес-қоғамдастықта туындайтын мәселелерді шешу үшін сындарлы диалог құру маңызды шара. Бұл іс-шара жалпы өңірде оң бизнес-ахуалды қалыптастыруға бағытталған.

Облыстық  кәсіпкерлер палатасының директоры Данияр Күзенбаев Денисов ауданына барып,   жергілікті бизнес өкілдерімен,  жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесті.

Денисов ауданының әкімі Руслан Қатпаев жергілікті экономикалық әлеуеттің дамуына оң әсер ететін осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Мәселен, Денисов ауданында палата директоры “Фрунзенское” ЖШС-де болды. Шаруашылықта 20 000 гектардан астам егіс алқабы, 2 750 қара мал бар.

Мұнда 300-ге жуық адам жұмыс істейтін еңбек ұжымымен кездесу өтті. Қазіргі таңда шаруашылық директоры  Николай Шерердің белсенді көмегімен кентті газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұның сыртында серіктестік тарапынан  мектепке, мәдениет үйіне және стадионға үнемі көмек көрсетіледі.

Николай Шерер облыстық  кәсіпкерлер палатасына қарасты  Өңірлік кеңестің өкілі. АӨК мәселелері жөніндегі салалық кеңестің белсендітүрде қатысып тұрады.  Тәжірибелі фермер палата алаңында талқыланатын бірқатар мәселені  атап өтті.

Бүгінде Денисов ауданында 774 бизнес субъектісі жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі шағын бизнестің еншісінде.

Сондықтан,  облыстық  кәсіпкерлер палатасында олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау маңызды құрал болып есептеледі.  Өйткені, ауылдық жерлерде дәл осы шағын кәсіпкерлік    жұмыс орындарын ашуға ықпал етіп отыр.

Әлібек ЫБЫРАЙ

Денисов ауданы

Жаңалықтармен бөлісу