ҚР ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетімен және Egov-пен бірлесіп азаматтарды жеке деректердің таралуы туралы хабарлауға көмектесетін nomadguard.kz порталы әзірленді.
«Қазіргі уақытта порталды egov Mobile мобильді қосымшасына интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде, онда әрбір азамат қосымшаны жүктеп, авторизациялана алады, біздің сервиске кіріп, дербес деректері таралып кетсе, оны көре алады. Онда мәліметтердің қашан таралғаны, қай сервистен, қандай деректер таралғаны көрсетіледі. Мәліметтердің таралуы туралы ақпараттан басқа біздің сервисте киберқауіпсіздік саласындағы соңғы жаңалықтар, алаяқтар қолданатын кейбір жаңа трендтер, оқыту модулі туралы ақпарат бар», – деді «Web-Totem» ЖШС басшысы Руслан Тұргельдинов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен қатар, оның айтуынша, мессенджерлер арқылы қандай да бір күмәнді сілтемені ашпас бұрын азамат оны egov Mobile ішіндегі сервиске тексеруге жіберіп, сілтеменің қаншалықты қауіпсіз екендігі туралы ақпарат ала алады.