Институт түлегі Кореяда білім беруге аттанды    

Институт түлегі Кореяда білім беруге аттанды    

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Шетел тілі: екі шетел тілі» білім беру бағдарламасы бойынша 2023 жылғы түлегі Ақбөпе Баярыстан Корея Республикасындағы шетелдік оқушыларға сабақ беру мүмкіндігін иеленгендігі туралы бұдан бұрын да айтқан болатынбыз.

Еске сала кетсек, шеттілдерін, оныңішіндеағылшын, орыс, неміс және корей тілдерін жетік меңгерген институт түлегі Корей елінде сабақ беру туралы естіген бойда, конкурсқа қатысуға өтінім бергендегін айтады. Нәтижесінде көрсетілген барлық талаптардан сүрінбей өтіп, 14 үміткердің ішінен таңдалған.

Институт ректоры Ержан Әмірбекұлы үздік маманмен сапар алдында кездесу өткізіп, іргелі білім ордасының беделінің артуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

Ақбөпе бұған дейін академиялық ұтқырлық бағдарламасымен Түркияның Кахраман мараш Сютчю Имам университетінде бір семестр білім алып келген.

«Шетелтілі: екі шетел тілі, Ағылшын тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Әсел Асанова институт түлегінің студенттік кезеңде өзін жақсы қырынан таныта білгенін, оқу үлгерімі жоғары, белсенді, мінезі байсалды, ізденімпаз студенттің болашағына зор сенім артылғанын тілге тиек етті.

«Шеттілдерін меңгеруге деген қызығушылығым мектеп қабырғасынан бастап оянды. Осылайша, ағылшын тілі мамандығы бойынша оқуға түсіп, тілдік машықтарымды арттыра түстім. Студент кезде «Coursera» платформасы арқылы корей тіліндегі дәрістерді тыңдап, жаттыға бердім. Менің мақсатым –оқытуда және оның ішінде шетел тілдерін оқытуда оқушылардың тілдік мәдениеті мен тілдер арасындағы коммуникациялық қабілетін жетілдіру, оқушыларға білім тұрғысынан бөлек ментальдыт ұрғыда қолдау көрсету. Теориялық және тәжірибелік дағдыларымның шыңдалуына зор септігін тигізген институтыма алғысым шексіз» – дейді Ақбөпе.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 1-3 сәуірде Сеул жәнеГонконгқа іссапары аясында министрлік пен Корея Республикасының Кенги провинциясының Білім басқармасы арасындағы өзара түсініктік туралы меморандумға қол қойылған. Кенги провинциасының білім басқармасының Ансан, Хуасон,Ансон және т.б. қалаларындағы жергілікті орта мектептерде орыс тілді шетелдік оқушылардың үлгерімі төмен болғандықтан, оқушыларғ ақосымша көмек көрсету үшін меморандум шеңберінде Қазақстаннан орыс тілін меңгерген жас педагогтарды жергілікті мұғалімдердің көмекшісі ретінде шақыруда.

 

Мұрат Жүнісұлы

                                                                                                    Арқалық қаласы

Жаңалықтармен бөлісу