Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында автокөлік жолдарын халықаралық стандарттарға сай жаңғырту жөнінде айтқан бастамалары – уақыт талабынан туындаған, стратегиялық маңызы зор шешімдер.
Жол – экономиканың күретамыры. Президент атап өткен ірі инфрақұрылымдық жобалар еліміздің транзиттік әлеуетін арттырып қана қоймай, өңірлер арасындағы байланысты нығайтып, азаматтардың қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған.
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы үшін бұл бастамалар – үлкен жауапкершілік. Алдағы жылдары басталатын және жүзеге асатын барлық ірі жол жобаларының сапасы, қолданылатын материалдардың нормативке сәйкестігі, құрылыс жұмыстарының талапқа сай орындалуы біздің тұрақты бақылауымызда болады.
Президент айтқандай, сапа мен уақыт – басты талап. Осы бағытта Ұлттық сапа орталығы өз міндетін абыроймен атқарып, жол құрылысы саласындағы ашықтық пен жауапкершілікті қамтамасыз етуге күш сала береді.
Ұлттық маңызы бар бұл жобалар Қазақстанды халықаралық көлік-логистика орталығы ретінде жаңа деңгейге көтеретініне сенім мол.
Абылайхан Алшынбаев,
Жол активтерінің ұлттық сапа орталығының директоры
