2024 жылы ІІМ «бақыланатын жеткізу» әдісін пайдалана отырып, 21 іс-шара өткізді. Оның ішінде 19 іс-шара ішкі, ал екі іс-шара сыртқы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Нәтижесінде есірткі жеткізудің 94 ішкі арнасы анықталды, оның 55-і синтетикалық заттармен байланысты. 137 келіден астам синтетикалық есірткі және екі тонна прекурсор тәркіленді.
– Бұл бағытта халықаралық ынтымақтастық маңызға ие. Қырғыз Республикасының ІІМ-мен бірлесіп, Жамбыл облысында екі сыртқы операция жүргізілді, бұл екі трансұлттық есірткі каналының жолын кесуге мүмкіндік берді. 16 келіден астам гашиш тәркіленді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, – деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.