Халықаралық журналистер Алматыдағы SCIJ клубының жыл сайынғы отырысында бас қосты

Халықаралық журналистер Алматыдағы SCIJ клубының жыл сайынғы отырысында бас қосты

Алматы қаласы Шымбұлақ тау-шаңғы курортында SCIJ халықаралық шаңғышы журналистері клубының 69-шы отырысы ашылды. Ол жиынға 26 елден 150 адам қатысты.

2024 жылдың 6 наурызында «Шымбұлақ» тау курортында фристайлдың «могул», «параллель могул» және «шаңғы акробатикасы» бағыттары бойынша FIS Әлем кубоктарының кезеңдерін өткізу аясында БАҚ-қа арналған баспасөз конференциясы өтті.

Конференция спикерлері: «Шымбұлақ» Тк бас директоры Ринат Абдрахманов,ФА ЗТБ «ҚР Ұлттық Шаңғы Ассоциациясы» бас хатшысы Асқар Валиев және могул бойынша ҚР бас бапкері Елена Круглыхина.

Спикерлер шараның бағдарламасы, ҚР ұлттық құрама командасының құрамы,қатысушы елдер туралы айтып және могул және шаңғы акробатикасы жолдарының дайындығы туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Шымбұлақтағы тау шаңғысынының жарысы 10 наурызға дейін жалғасып, ресми трансляция Қазспорт телеарнасында жүреді.

«SCIJ клубының негізі қаланған сәттен бастап оның негізгі идеясы Шығыс пен Батыс арасында көпір орнату, әртүрлі елдердің журналистерінің бейресми негізде саясаттан тыс, пікірі мен сеніміндегі айырмашылықтарға қарамастан достық қарым-қатынас орнату болды.Клуб тарихында Орталық Азияда алғаш рет өткізіліп отырған Алматыдағы кездесу біздің SCIJ рухына адалдығымыздың ең жақсы дәлелі болып табылады», – деп атап өтті Фредерик Уоллес.

Клубтың негізгі мақсаты-белсенді өмір салтын насихаттау, журналистерді, олар арқылы халықты қысқы спорт түрлеріне тарту, туризмді дамыту.

 

Ұлдана Жандосқызы,

Т. Қ. Жүргенов атындағы өнер академиясы

«Компьютерлік технелогиялар» кафедрасы 

«Медиажурналистика» мамандығының студенті

 

Жаңалықтармен бөлісу