13.08.2025
Грек-рим күресі: қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Грек-рим күресі: қазақстандық балуандар жастар арасындағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қырғызстанның Бішкек қаласында грек-рим күресінен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық балуандар төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі алтын. 87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.

Сондай-ақ 82 келіге дейінгі салмақта Диас Сейітқалиев жастар арасында Азия чемпионы атанды. Ал 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Омар Дүйсенбек күміс жүлдеге ие болса, 55 келіге дейінгі салмақта белдескен Мұсан Ерасыл қола жүлдемен жарысты аяқтады.