Фёдоров ауданында Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн — қоғамдағы келісім, өзара құрмет және бірлік құндылықтарын айқындайтын маңызды мереке.
Мерекелік бағдарлама спорт залында тақырыптық алаңдардың безендірілуінен басталды. Онда Қазақстанның біртұтас азаматтық бірегейлігін айқындайтын мәдени-танымдық көріністер ұсынылды. Қонақтар ел бірлігін нығайтатын ортақ құндылықтармен танысты.

Ресми ашылу салтанаты ұжымдардың мерекелік шеруімен жалғасты. Іс-шара аясында «Бірлік жүгірісі» жарияланып, оның старты орталық алаңда өтіп, түрлі жастағы тұрғындарды біріктірді.
Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Қапсұлтанов қоғамдағы келісімді сақтау мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шараның ерекше қонағы ретінде Қостанай облысынан Қазақстан Республикасының Олимпиадалық команда мүшесі Наиль Башмаков қатысып, салауатты өмір салты мен бірліктің маңызын атап өтті.

Күн бойы қатысушыларға викториналар, байқаулар және ойын бағдарламалары ұйымдастырылды. Сондай-ақ балаларға арналған арнайы ойын-сауық бағдарламасы өткізілді.
Мерекелік көңіл күйді «Шашу» дәстүрі мен шығармашылық ұжымдардың концерттік бағдарламасы толықтырып, көрермендерге көтеріңкі әсер сыйлады.
Іс-шара «Бірлік жүгірісіне» қатысушыларды марапаттаумен аяқталды. Бұл іс-шара белсенділік пен ел бірлігінің жарқын символына айналды.
Мұндай іс-шаралар Қазақстан халқының бірегейлігін нығайтуға, өзара құрмет мәдениетін дамытуға және біртұтас қоғам қалыптастыруға ықпал етеді.
