Этномәдени бірлестіктер сенбілікке шықты

Этномәдени бірлестіктер сенбілікке шықты

Осыдан бес жыл бұрын  Гашек көшесі бойындағы жағалауда бірлік күнін мерекелеу аясында “Достық” аллеясын құру қолға алынған еді. Оған алғашқылардың бірі болып корей қауымдастығы қолдау білдірді. Бүгінде жағалауда қауым өкілдерінің қолымен отырғызылған қайың ағаштары жайқалып тұр. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы “Таза Қазақстан” республикалық акциясының аясында осы аллеяны тазартып жатыр.

«Бүгін біз жалпы республикалық сенбілікке шықтық, өйткені аллея этномәдени орталықтардың назарында. Бізде суару кестесі бар, жазда барлық ағаштар суарылады. Егер қыста кейбір көшеттер өлсе, біз жаңа ағаш отырғызамыз. Біз Президентіміз атап өткендей, елімізді абаттандыру мен көгалдандыру – үлкен мемлекеттік маңызы бар іс екенін қолдаймыз», – дейді корей қауымдастығының төрағасы Ульяна Ким.

Экологиялық акцияға Қостанай облысының “Ассамблея жастары” Жастар қозғалысының мүшелері де қосылды.

«Ұрпақтар сабақтастығын сақтай отырып, жас кезімізден бастап экологиялық мәдениетті қалыптастыруымыз  қажет. Бүгінде Достық аллеясына жастар да, этномәдени бірлестіктердің өкілдері де біздің ортақ үйімізді – Қазақстанды ретке келтіру үшін жиналғаны татулығымыздың белгісі »,  – дейді “Жастар Ассамблеясы” жастар қозғалысының төрағасы Руслан Мырзағалиев.

Жаңалықтармен бөлісу