Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Қостанай облысының Полиция департаментінде Ішкі істер органдары ардагерлері, басшылық және жеке құрамның қатысуымен салтанатты жиын ұйымдастырылды.
Жиын барысында сөз сөйлеген Департамент бастығы Ерлан Файзуллин жиналғандарды атаулы күндерімен құттықтап, ардагерлерге алғысын білдірді:
– Осы маңызды күні Ішкі істер органдарының ардагерлеріне қызметке адалдығы және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс айтқым келеді. Сіздер жас полиция қызметкерлеріне үлгі болдыңыздар.
Іс-шара аясында Ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті:
«Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы» мерейтойлық медалімен тыл еңбеккері, ІІО ардагері Анна Выгонюк марапатталды.
«Құрметті ардагер» төсбелгісімен тыл еңбеккері және ІІО ардагері Сания Хакимова, сондай-ақ ІІО ардагерлері Шорман Тәшетов пен Валерий Шило марапатталды.
ІІО ардагерлері Владимир Мартынюк пен Төлеген Жақсымбетов құрмет грамоталарымен марапатталды.
Ардагерлер Сағижан Камешов, Айдос Күзембаев және Батыржан Ағаділов грамоталармен марапатталды.
Мемлекеттік мерекелерге орай бірқатар қызметкерлерге мерзімінен бұрын арнайы атақтар берілді:
полиция полковнигі атағы:
— ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы, полиция подполковнигіСәбит Ибраемовке,
— Қостанай аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Мұрат Ғалихановқа;
полиция подполковнигі атағы:
— Рудный қ.ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы, полиция майоры Жантас Кучербаевқа.
«Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды:
— полиция майоры Берік Есенғалиев, Қостанай ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы.
«Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен: — полиция капитаны Қайрат Бейсембин, кинологиялық қызмет орталығының аға инспектор-кинологы марапатталды.
Соңында қатысушылар Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды, содан кейін салтанатты түрде үш мәрте қарудан оқ атылды.
Мұндай іс-шаралар тарихи естелікті сақтап қана қоймайды, сонымен қатар полиция қызметкерлерінің өскелең ұрпағында патриотизм мен қызметке деген құрметке тәрбиелеуге ықпал етеді.