Ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ

Ешқандай заңбұзушылық тіркелген жоқ

Бүгін Қостанай тұрғындары үшін республикалық референдумға қатысу, сондай-ақ кейбір учаскелік референдумда қуанышты оқиғалармен тұспа-тұс келді. Мәселен, №22 учаскелік референдум комиссиясында бүгін алпыс жасқа толып жатқан екі қала тұрғыны келген. Оларға тәтті кәмпит сыйға берілді.

-№22 сайлау учаскесінде 2212 қатысушы тіркелген. Санаулы минуттардан соң дауыс беру аяқталады. Жобамен 700-750-дей адам келіп өз таңдауын жасады. Белсенділік түскен кейін белсенділік жоғарылады. Көбінің түрлері таныс. Егде жастағы ақсақал келіп, өз таңдауын жасады. Кәмелет жасқа толған бір балаға ең бірінші рет келіп, қатысты, – дейді №22 референдум комиссияның төрағасы Светлана Брунер.

Комиссия мүшелері мен бақылаушылар ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығы мен қатысшуылар белсенділігін атап өтті.

-Түстен кейін 14.00-ден бастап бақылаушы болып отыр. Ешқандай бұзушылық болған жоқ. Бәрі қалыпты, тыныш өтті, – дейді «Дауыс» қоғамдық бақылау ұйымының өкілі Виталий Буков

Шұға Қоңқабай
Суреттерді түсірген — Бердіболат Көркембаев

Жаңалықтармен бөлісу