Ертең “Қазақстанның үздік тауары” жәрмеңкесі өтеді

Ертең “Қазақстанның үздік тауары” жәрмеңкесі өтеді

Ертең сағат 10-нан бастап облыстық әкімдік алаңында “Қазақстанның үздік тауары” көрме-конкурсы өтеді.

Іс-шараға өңірдің 200-ден астам кәсіпкері, оның ішінде “Бір ауыл – бір өнім” жобасының қатысушылары шақырылған.
Ол жерде жергілікті өндірушілердің тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға болады.

Жәрмеңкеде мерекелік көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар, концерттік бағдарлама ұсынылмақ. Бұдан бөлек, көрмеге қатысушыларға арналған сыйлықтар ұтыс ойыны да өтеді.

Жаңалықтармен бөлісу