Ертең сағат 10-нан бастап облыстық әкімдік алаңында «Қазақстанның үздік тауары» көрме-конкурсы өтеді.
Іс-шараға өңірдің 200-ден астам кәсіпкері, оның ішінде «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары шақырылған.
Ол жерде жергілікті өндірушілердің тауарларын қолжетімді бағамен сатып алуға болады.
Жәрмеңкеде мерекелік көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар, концерттік бағдарлама ұсынылмақ. Бұдан бөлек, көрмеге қатысушыларға арналған сыйлықтар ұтыс ойыны да өтеді.