ҚР Көлік министрлігі ертеңнен бастап Өзбекстандық «My Freighter» (Сentrum Air) әуе компаниясы Қазақстанға Ташкент – Қостанай жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отырғанын хабарлады.
«Көлік министрлігі әуе қатынастарының географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Рейстер аптасына 1 рет (сенбі күндері) «Airbus 320» үлгісіндегі әуе кемелерімен орындалады», – делінген ресми мәлімдемеде.
Осылайша, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етпек.
