Облыстық полиция департаменті ертеңнен бастап Дүниежүзілік жол көлік оқиғаларының құрбандарын еске алу күніне арналған “Жол қауіпсіздігі апталығы” кең ауқымды іс-шарасын өткізуді жоспарлап отырғанын хабарлады.Тәртіп сақшылары іс-шараны жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жолдағы өлім-жітім көлеміне, жарақаттарға және жол қозғалысының барлық қатысушыларының ықтимал тәуекеліне қоғамның назарын аудару үшін ұйымдастырылғалы жатқанын айтады.
Өңірімізде осыған байланысты апта бойы акция, челендждер мен конкурстар өтпек.