Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым» эссе байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Байқауға облыстың әр аймағынан 20-дан астам шығарма келіп түскен. “Қостанай таңы” газеті бас редакторының орынбасары Аслан Қанғожин жеңімпазды анықтау оңай болмағанын айтады.
— Эсселердің бәрі де жақсы жазылған. Журналистерден құралған қазылар алқасы барлығын қарап, қорытындыладық. Қарап отырсақ, жүлдеге ілінгендер біздің тұрақты оқырмандар екен. Олар газетімізге үнемі жазып тұратын авторлар, тілдері жатық, туындылары әсерлі, — дейді А.Қанғожин.
Байқау қорытындысында:
«Ауылымның ардақты ардагері» аталымында Кәдірбек Ғабдуллин;
«Мен естіген естелік» аталымында Нәзипа Өтекеева;
«Менің атам – майдангер» аталымында Бәтима Кумажанова;
«Үкілі үміт» аталымында Айым Абдуғалиева мен Таңжарық Ниязбек жеңімпаз атанды.
Суреттерді түсірген Б.Нұрмұханов.