Өткен жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік” жобасы жүзеге асырылды. Бұл туралы өңірлік коммуникация алаңында өткен брифинг барысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Бауыржан Ұзынжас хабардар етті.
Бүгінде оған 100-ден астам белсенді азаматтар қатысады, нысаналы топтар арасында кездесулер, әлеуметтік сауалнамалар, құқықтық консультациялар өткізіледі.
“Мемлекеттік сатып алулар қоғамдық бақылаумен жүзеге асырылады. Жоба басталғаннан бері мемлекеттік сатып алу порталының мониторинг қорытындысы бойынша еріктілер шамамен 488 млн теңге бюджет қаржысын үнемдеді”, – деді Бауыржан Ұзынжас.
Оның айтуынша, еріктілер жол саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға және мониторингке тартылды, ұзаққа созылған құрылыс нысандарға, яғни “ұзақ құрылыстарға” мониторинг жүргізілуде, мемлекеттік органдарға ұсынымдар енгізілуде. Толығырақ газетіміздің алдағы санынан оқи аласыздар.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ