28 мая, 2025
Ерен еңбектің есесі: рудныйлық азаматтар марапатталды

Ерен еңбектің есесі: рудныйлық азаматтар марапатталды

Рудный қаласының әкімі Виктор Ионенко қаланың дамуына ұзақ жыл қажырлы қызмет еткен тұлғаларға «Рудный қаласының құрметті азаматы» атағын табыс етті.

Бұл мәртебелі марапатқа Ғабдолла қажы Ахметжанов, Геннадий Глейзер, Лилия Пентюхова, Жақсылық Кәкенов ие болды.

Сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасы құқық қорғау саласының қызметкерлеріне табыс етілді. Атап айтқанда, Қайрат Уәлиахметов, Азат Медетов қала әкімінің қолынан осы марапатты иеленді. Бұдан бөлек, әр салада қажырлы еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірқатар рудныйлық азамат Рудный қаласы әкімінің грамотасымен ардақталды.

Толығырақ — газеттің алдағы санында.