Рудныйлықтар елордадағы әскери шеруді экраннан тамашалауда

Рудныйлықтар елордадағы әскери шеруді экраннан тамашалауда

Бүгін, 7 мамырда Астана қаласында Жеңістің 80 жылдығына орай кең ауқымды әскери шеру өтіп жатыр. Осы елеулі іс-шараны рудныйлықтар да тікелей эфирден көруге мүмкіндік алды.

Алаңға жиналған қалың қауым сахна төріндегі үлкен экраннан елордада Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан шеруді тамашалады.

blank blank blank blank blank blank blank blank

Еліміздің әскери әлеуетін, айбыны мен рухын паш ететін көрініс-көрме кәрі-жастың бәріне ерекше әсер сыйлағандай. Қошеметтерін аямай соғып, тікелей эфирге ыстық ықыласпен назар салды.

«Бүгін бірнеше мерекенің тоғысына орай өтіп жатқан керемет іс-шара куә болудамыз. Күн бұлттылау болса да, көңіл-күйіміз тамаша! Қаламыздағы мерекеден, жаңа нысанның ашылуынан бөлек, елордадағы шеруді көріп, тіптен рухымыз асқақтай түскендей. Бұның бәрі патриотизмнің еңселене түсуіне ықпал ететін мәнді-мағыналы дүние ғой. Ерекше разымыз!» — дейді рудныйлық ақсақал, бүгін ғана «Рудныйдың құрметті азаматы» атанған Ғабдолла қажы Ахметжанов.

Бұл шеру бір сәтте елдің барлық облыс-қаласында лэд- экран арқылы көрсетілгенін айта кеткен жөн. Елорда төріндегі шеруге 5 мыңнан астам адам қатысты. Рудныйлықтар да әскери шеруді тапжылмай тұрып тамашалап, көзбе-көз көргендей әсерге бөленді.