Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының сарапшылары кадрларға қажеттіліктің 2024-2030 жылдарға арналған орта мерзімді болжамын жасады

Сарапшылардың пікірінше, уақыт өте ең «қажет» болатын кәсіп иелері: есепшілер, күзетшілер мен инкассаторлар, жүргізушілер, мұғалімдер, орта білімді медициналық қызметкерлер және мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбиешілер.

Жалпы, ЕРДО талдаушыларының болжамына сәйкес, жаңа сұраныс пен ауыстыру бойынша сұраныс жиынтығында 1,9 млн адамды құрайды.

Жаңа сұраныс экономикалық өсуге байланысты жалдамалы жұмысшылар санының өсуін білдіреді дейді мамандар.

Жаңа сұраныстың үлесі 58% (1,1 млн адам), ал алмастыру бойынша сұраныстың үлесі – 42% (0,8 млн адам) құрайды. Жаңа сұраныстың алмастыру сұранысынан асып кетуі елдің жоспарлы құжаттарында белгіленген экономиканың серпінді өсуін көрсетеді. Ішкі жалпы өнімнің болжамды нақты өсімі жыл сайын шамамен 6% – ға тең  болуы ықтимал.

ЕРДО сарапшылары оптимистік сценарий бойынша 7 жыл ішінде кадрларға жалпы сұраныс 2,2 миллион адамды құрайтынын, ал пессимистік сценарий бойынша 2 есеге дерлік аз – 1,2 миллион адамды құрайтынын атап өтті.

«Жаңа жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 2027 жылы күтілетін бірінші шыңға жеткенше артады – ол кезде ел бойынша болжамды жылдық қажеттілік 285 мың адамды құрайды. Жаңа жалдамалы қызметкерлерге сұраныстың келесі шыңы 2030 жылы болжанады – базалық сценарийде 288 мың адам»,  – деп атап өтті ЕРДО Болжау департаментінің директоры Дмитрий Шумеков.

Жалдамалы жұмыскерлерге ең үлкен сұраныс қоғамдық қызметтер секторында (білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару) күтіледі, онда ол 7 жылда 248-ден 641 мың адамға дейін көрсеткішті құрайды.

Сондай-ақ, тауарларды тасымалдау және тарату саласы (сауда, көлік және қоймалау, тұру және тамақтану қызметтері) бойынша 310-нан 492 мың адамға дейін қажет болмақ.

2024-2030 жылдар ішінде бизнес-қызметтер саласында (ақпарат және байланыс, қаржы және сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен операциялар, кәсіптік және ғылыми қызмет, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету) жалдамалы қызметкерлерге сұраныс 208-ден 388 мың адамға дейін  бағаланады.

Сол кезеңде өнеркәсіпте жалдамалы жұмыскерлерге сұраныс 118-261 мың адам, құрылыста 154-241 мың адам, ауыл шаруашылығында 100-120 мың адам, өзге де қызметтер саласында 51-99 мың адам деңгейінде күтіледі.

Жаңалықтармен бөлісу