Ең басты керегі – халықтың амандығы

Ең басты керегі – халықтың амандығы

Елге тағы бір сын сағатының кезі келді. Ұшса құстың қанаты талатын Торғай даласын жайлаған топан судың зардабы мал-мүлікке зор шығын әкелді. Енді, міне, егіз аққан Торғай мен Қабырға өзендері Тобыл мен Әйетке де әсерін тигізбей қоймады.

Әйтсе де, бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылған халық топан суға тосқауыл жасап, ауызбіршілікпен аптадан аса уақыт күресіп жатыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі бастап, билік те қарап қалмақ емес. Бар көмегін әлі де жасайтынын айтып та жатыр.

“Бірлік болмай, тірлік болмас” деген осы… Дүние мен мал шығыны қалпына келер, әрине, қайырлы шығын болғай дейміз. Ең бастысы, халық аман, соған да мың шүкір!

 Әлмұрат Ахметов,

Қостанай ауданы білім бөлімінің Жамбыл жалпы білім беретін мектебінің директоры

Жаңалықтармен бөлісу